Балаға болашақ мамандық таңдауға қалай көмектесеміз

  • 66
Балаға болашақ мамандық таңдауға қалай көмектесеміз

Мектеп түлектерінің алдындағы маңызды мәселе – мамандық таңдау. Бұл орайда көбіне балалар мен ата-аналардың көзқарастары екіге бөлініп жатады. Мамандар аталған мәселеде ортақ шешімге келіп, қалай дұрыс таңдау жасау керектігін түсіндірді.


Әрине, өзіне лайық мамандық таңдап, игеріп, нәтижесінде сол салада кәсіби мансабын құрып, дамыту – екінің бірінің қолынан келетін оңай шаруа емес.


Статистикаға көз жүгіртсек, «Атамекен» ҰКП мәліметінше, 2022 жылғы ЖОО түлектерінің 79 пайызы жұмыс тапқан. Оның 67%-ы тұрақты жұмысқа, тағы 12%-ы уақытша жұмысқа орналасты.
Енді оқыған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесін қарап көрейік. Мәселен, медициналық сала түлектерінің пайызы жоғары болса (2021 жылы 70 пайыз), басқа мамандық иелерінің жағдайы мәз емес: халықаралық қатынастар – 29%, құрылыс – 34%, ал маңызы мен жоғары сұранысына қарамастан, агроөнеркәсіптік кешен саласы түлектерінің тек 7% пайызы ғана мамандық бойынша еңбек етуде.

Осылайша, еңбек нарығы түлектердің үмітін ақтамаса керек. Немесе олар бастапқыда қателесіп, айналысқысы келмейтін мамандықты таңдаған болуы мүмкін.

Білім саласының сарапшысы Майраш Тайкенованың айтуынша, қазіргі еңбек нарығы өте құбылмалы, сондықтан трендтерді болжау өте қиын. Әсіресе, технология мен жасанды зерденің қарқынды дамып жатқанын ескерсек, төрт жылдан кейін не болатыны белгісіз. Сондықтан, маманның пікірінше, ата-аналар үшін ең бастысы – баланы бастапқыда болашағы жоқ мамандыққа баруға мәжбүрлемеу.

Бұрынғы ережелермен, көне наным-сеніммен өмір сүретін ата-аналар бар. Қазіргі таңда іс жүзінде жойылған, ешбір қажеттілігі жоқ мамандықтар аз емес. Бірақ университеттер аталған мамандықтарды оқытуды жалғастырып келеді. Және кейбір ата-аналар балаларын осындай мамандықтарды оқуға мәжбүрлейді. Өкінішке орай, бұрын беделді саналған көптеген ғылыми мамандықтар қазір қажетсіз. Өтінемін, балалардың таңдауын шектемеңіздер, – деп шақырды Тайкенова.
 

Сондай-ақ ол тәжірибелік дағдылардың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша, қазіргі таңда көптеген жастар оқыған мамандықтарының емес, игерген тәжірибелік дағдыларының арқасында ақша табады.

Мәселен, бала экономика немесе заң факультетін бітірді, бірақ мамандық бойынша жұмыс таба алмады. Алайда, ол кірпік пен тырнақ жасап, ақша табуды үйренді. Оған ата-анасы ренжиді. Олардың пікірінше, мұндай мамандық колледж деңгейінде. Ал балалардың аргументі түсінікті: «Онсыз да жақсы ақша табамын, неге тиын-тебен алу үшін басқа жерге баруым керек? – деп мысал келтірді сарапшы.
 

Қазіргі таңда жоғары білімді қажетсіз деп санайтындар бар. Майраш Тайкенова олармен келіспейді, айтуынша, жоғары білім әлі де өте маңызды функцияға ие.

Ой мен сананы дамытатын білім қажет деп нақты айта аламын. Университетті тәмамдаған және мектепті ғана бітірген балалардың арасындағы үлкен айырмашылықты көремін. Ашық айтқанда, бакалавриаттың қызметі – оқуға үйрету, талдау, саралау, зерттеу әдістерін түсіндіру. Студенттер белгілі бір саланың маманы атанады, бірақ, ең бастысы –бакалавр дәрежесін алғанда, олар ақпаратты табуды және өңдеуді үйренуі керек. Әлбетте, бұл оларға болашақта көмектеседі, – деп түсіндірді ол.
 
 

Сондай-ақ түлектер тегін оқу үшін грант көп бөлінген мамандықтарды таңдап жатады. ЖОО ақысын төлеуді ата-анасының мойнына артқысы келмейтіндері түсінікті. Дегенмен, мұндай жолмен таңдалған мамандыққа баланың сүйіспеншілігі де, қызығушылығы да болмауы мүмкін.

Алматыдағы Вознесенск соборының психологы Виктория Левина баланың болашақ мамандығын 5-7 жастан бастап қарастыруға болатынын атап өтті. Ол бейімділік сияқты психофизиологиялық тұжырымдаманы еске салды – адамның кейбір қызмет түрлеріне бейімділігін анықтайтын параметрлер.

«Баланың нені жақсы көретінін, неге бейім екенін байқау керек. Мысалы, дауыстық аппарат дамыған кезде бала өлең оқығанды ұнатады, есте сақтау қабілеті жақсы, әрдайым елдің назарында болғанды ұнатады. Бұл белгілі бір бейімділіктер, олар өздігінен дамымайды, оларды ынталандыру қажет, – дейді психолог.

Дегенмен, барлығы бірдей керемет талантты бола бермейді. Сондықтан, маманның пікірінше, физиологиялық ерекшеліктер айқындалатын түрлі үйірмелер мен секцияларға барып көру керек.

Ал өсіп қалған балаларға келсек, ата-аналар олармен әртүрлі мамандықтар туралы сөйлесіп, барлық оң және теріс жақтарын атап көрсетуі қажет. Мамандық таңдау үшін бала немен айналысатынын білуі керек. Оған белгілі бір мамандық иесі болу үшін қандай дағдылар мен қасиеттер қажет болатынын түсіндіру керек, – дейді Левина.
 

Ол мектептерде баланың мінезі мен бейімділігін анықтайтын кәсіптік бағдар беру тестілерінің пайда болуына оң баға берді. Егер мектептегі тест жеткіліксіз болып көрінсе, психологқа жүгінуге болады, ол тереңірек зерттеу жүргізеді.


Қазір IT саласында көптеген перспективалар бар, бірақ ата-аналардың көбісі оның не екенін білмейді және маңыздылығын түсінбейді. Бала бұл салаға қызығушылық танытып, бейімділігі де болуы мүмкін, бірақ ата-аналар тек маманның пікіріне құлақ асады, – деп түсіндірді психолог.
 

Виктория Левина қалай болғанда да баланы өзіне мүлдем қызықсыз мамандықты оқуға мәжбүрлеу жөнсіз екенін алға тартты. Ол салаға қызығушылығы болмаса, қанша оқығанымен, бала бәсекеге қабілетті маман бола алмайды.

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 229
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 279
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста