Балалар мекемелерінде ойыншықтарды, әсіресе жұмсақ ойыншықтарды қанша уақытта кірден тазалап тұру керек? Ойыншықтардың тазалығы жалпы тексеріле ме?
Айнагүл Есенбаева, Алматы қаласы
Мамандардың айтуынша, ойыншықтардың тазалығына қатысты ресми бекітілген санитарлық ереже жоқ, дегенмен балалар ойнайтын құрал-жабдықтардың инфекция таратуына жол бермеу үшін «Балалар мен жасөспірімдердің тәрбие және білім беру нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» 180, 181-тармақтарын басшылыққа алуға болады. Бұл ережеге сай, балалар күнделікті қолданатын ойыншықтар күннің соңында 2%-дық сабынды-содалы ерітіндімен жуылып, таза сумен шайылуы және құрғатылуы керек.
Балабақша ойыншықтары күн сайын тазалануы тиіс
Последние статьи автора