Менің жалақым – 78 мың теңге. Келесі жылы жеке табыс салығы ұлғайған жағдайда айлығым қанша сомаға азаятын болады?
Фарида, Алматы
Бұл мәселе жөнінде «жеке табыс салығындағы өзгерістер қазақстандықтардың тек екі пайызына ғана қатысты болмақ», – деп мәлімдейді еліміздің Қаржы министрлігі.
Еліміздің Парламентіне ұсынылып отырған жеке табыс салығы бойынша прогрессивтік шкала енгізуді көздейтін заң жобасы айлық жалақысы 353 мың 750 теңгеден жоғары қазақстандықтар үшін ғана маңызды. Ал жеке тұлғалардың табысын қадағалап отыратын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметі бойынша, халықтың 98 пайызы бұл сомадан төмен жалақы алады екен. Әйтсе де салық саясаты аса қатаңдап кетті деп айтуға келмес. Тіпті жалақы көлемі 400 мың теңгеден асатындар үшін де салық көлемі 2000 теңгеге, яғни 0,5 пайызға артпақ. Тек «миллионерлерге» ғана бұл салық 5 пайыздан астамға көбейеді, соның өзінде оларға салынатын салық көлемі жалақының 20 пайызынан аспайтын болады. Нәтижесінде, бұл салық бойынша 2011 жылы ғана қазынаға 12,5 миллиард теңге артық жиналмақ.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, елімізде ресми түрде табыс табатын 5,3 миллион тұлғаның ішінде 101 мың адам ғана 350 мың теңгеден жоғары табыс табады. Ал еліміздегі орташа айлық жалақы қазір 82,3 мың теңгенің көлемінде.
Демек, халықтың басым бөлігі бұл салықтың салмағын сезінбейтін болады.
Байларға арналған салық
Последние статьи автора