Байғана кесенесі қай жерде?

Елімізде көне тарихи-мәдени ескерткіштер баршылық. Бірақ олар жайлы толық біле бермейміз. Жақында Байғана кесенесі туралы естіп қалдым. Осы жөнінде аз-кем мағлұмат берсеңіздер.

Азамат Бейсенбекұлы, Ақтөбе қаласы

Байғана кесенесі – ХVІІ ғасырларда сақталған сәулет өнері ескерткіші. Кесене Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Сарысу өзенінің төменгі жағындағы Қызылжыңғыл аңғарында орналасқан. Байғана кесенесі жөнінде алғашқы мәліметтер орыс ғалымдары Н.Потанин, Ю.Шмидт еңбектерінде кездеседі.
1981 жылы ғалым Ә.Оспановтың басқарған Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы зерттеген.
Ел аузында Байғана атақты мерген болған деген аңыз бар. Кесене тұрған аңғар ХІХ ғасырдың өзінде Қызылжыңғыл-Байғана аталған. Кесене шикі кірпіштен шаршы жобада салынып, күмбезделген. Кейін күмбезі қираған. Ішкі жағы сегіз қырлы, әр қыры екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны түрінде бөлінген. Осы сегіз қырлы қабырғаның әр бұрышынан бірінің үстіне бірі салынған көлденең қатарлар арқылы күмбез негізі көтерілген. Кесенеге кіретін оңтүстік-батыс жағынан екі метрлік дәліз жапсарлас салынып, сырғауыл, қамыс және кірпішпен жайпақ жабылған. Кесенеде өте ертеде жерленген мүрделер бар. Байғана кесенесі – Қазақстанда санаулы ғана кездесетін кейінгі ортағасырлық ескерткіштердің бірі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста