Бағалаушы маман мүліктің техникалық жағдайын анықтай ма?
Заң бойынша бағалау қызметіне қандай нысандар жатады? Бағалаушы маман мүліктің бағасымен ғана айналыса ма, техникалық жағдайына да жауапты ма?
Ғалымжан Сәуірбек, Қызылорда қаласы
ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, бағалау нысандарына мыналар жатады:
1) жекелеген материалдық нысандар, соның ішінде, иесіз, бос тұрған мүліктер;
2) белгілі бір тұлға мүліктерінің жиынтығы;
3) меншік құқығы және мүлікке немесе мүлік құрамындағы жекелеген заттарға заттай құқық;
4) қарызды талап ету құқығы;
5) жұмыс, қызмет түрі, ақпарат;
6) азаматтық құқықтың басқа да нысандары.
Заңның 2-бабына сәйкес, бағалау қызметі нысанның нарықтағы және басқа да құнын анықтайды. Бағалаушы маманның қызметіне мүліктің техникалық жарамдылығын анықтау кірмейді.