Бадам жемісінің емдік қасиеті бар дейді. Ол қандай ауруларға ем? Бүгінгі дәстүрлі медицина бұл жемісті науқасты емдеуде қолдана ма?
Айбар Сапарғалиев, Ақмола облысы
Бадам тұқымын суық және ыстық престен өткізіп, май алады. Алынған май азық-түлік, парфюмерия және фармацевтика өндірісінде қолданылады. Қазіргі медицинада бадам майын инъекцияға арналған ерітінді ретінде пайдалану етек алған. Емдік және косметикалық мазьдардың біразы бадам майынан жасалады. Бадам сөлінен жасалған босаңсытатын дәрі де бар. Ол, негізінен, балалардың қолдануына арналған. Халықтық медицинада бадам дәні ежелден мың ауруға ем саналады. Жемісті қаназдық, демікпе, сусамыр, ұйқысыздық, бас сақинасы, жөтел, талма аурулары кезінде қолданған. Бадам жүректің соғуын реттеп, тамақ ісігін де басады екен. Сондай-ақ тамаққа зауқы соқпаған адам бадам жесе, тәбеті ашылады.
Бадам қандай ауруларға ем?
Последние статьи автора