Менің білгім келгені, биыл әуесқой бокстан Азия чемпионаты қай елде және қашан өтеді?
Расылхан АМАНБЕКОВ, Астана қаласы
Бұл сұраққа Азия әуесқой бокс конфедерациясының Алматыда өткен кезектен тыс Бас ассамблеясы кезінде осы қауымдастықтың атқарушы директоры Азиз Қожамбетов жауап берген болатын.
– Құрлықтық доданы өз жерінде өткізуге бірнеше ел өтініш білдірген болатын. Олардың арасында Қытай, Иран, Филиппин және Иордания да болды. Біз аталмыш елдердің әлеуетін және бокстың «Сарықұрлықтағы» даму стратегиясын ескере келе, Азия чемпионатын қабылдау мәртебесін Иорданияға беруді жөн көрдік. Рас, бұл елдің әлеуметтік жағдайы тұрақты болғанымен, боксы аса дамымаған. Біздің мақсатымыз – бокс спортын Азияның барлық елінде бірдей дамыту. Ал неге бұл чемпионатты қабылдауға Қазақстан өтініш білдірмеген деп сұрайтын болсаңыздар, айтайын, біз Азия біріншілігін қабылдай аламыз. Оған қауқарымыз жетеді. Бірақ мақсатымыз – Азия чемпионатын өткізу емес, 2013 жылы өтетін әлем біріншілігін қабылдау. Бұл үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз, – деп Азиз Қожамбетов мырза өз ойын білдірді.
Өз кезегімізде айта кетейік, «Сарықұрлық» додасы шілденің 10-ы мен 31-і аралығына белгіленген.
Азия чемпионаты қай елде өтеді?
Последние статьи автора