Азан шақырып ат қоюды молда ғана атқара ма?

Жақында жеңгем ұл босанды. Енді сәбиге ат қоймақпыз. Сұрайын дегенім, нәрестенің есімін азан шақырып қою үшін молданы шақыртуымыз керек пе? Азанды молда ғана шақыра ма?
Жадыра АСЫЛБЕКОВА,
Қызылорда облысы
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма­сының Уағыз-насихат бөлімі мамандарының түсіндіруінше, азанды білген кез келген мұсылман баласы сәбидің атын қоя алады. Имамның немесе молданың ғана азан шақыруы шарт емес. Егер сәбидің аты азан шақырылмай қойылған болса, азанды кейін де шақыруға болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ат қою жөнінде бірнеше өсиет пен ескертулер жасаған. Бір хадисте: «Қиямет қайымда әркім аттарымен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса, жақсы ат қойыңдар», – делінген. Дүниеге келген сәбиге бір жеті ішінде ат қойған абзал. Азанның тәртібі: азаншы құбылаға жүзін қаратып, сәбидің оң құлағына азан шақырады да, атын үш рет айтады. Кейін екінші жағына, яғни сол құлағына қамат түсіріп, тағы үш рет аты аталады. Міне, осыдан кейін жақсы тілек қосуға да болады. «Нәрестенің жасы ұзақ болсын» деген ниетпен азан мен қаматтан кейін намаз оқылмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста