Азаматтық-құқықтық келісімшарт деген не?
Жұмысшы азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызметке алынғанда Еңбек кодексі бойынша құқық талап ете ала ма? Еңбек кодексі кез келген салада, кез келген келісімшарт түрі бойынша жұмыс істейтін еңбеккердің құқығын қорғауға негіз бола ма?
Байменше Мұратбеков, Қарағанды облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, азаматтық-құқықтық келісімшарт – негізінен, ҚР Азаматтық кодексі бойынша реттелетін азаматтық-еңбек қатынастарының кепілі. Мұндай келісімшарт түрі ҚР Еңбек кодексі талаптарымен реттелмейтіндіктен, жұмысшы ол заңда көрсетілген артықшылықтарды талап ете алмайды. Айталық, еңбек өтілі есепке алынбайды, жұмысшының ақылы еңбек демалысына, еңбекке жарамсыздығы бойынша демалысқа шығуына және жұмыс берушіден қандай бір өтемақы талап етуіне құқы болмайды.