Қазірде «азаматтық бюджет жасақтау керек» дегенді жиі естіп қаламын. Осы азаматтық бюджет дегеніміз не? Осыны тарқатып жазсаңыздар.
Дана Сұлтанова, студент
Қазірде ел бюджетінің қоғамға түсінікті форматта жария етілуі жиі талап етіліп жүр. Мысалы, бүгінде Салық комитеті мүдделі ұйымдардан түсетін салық түсімдері туралы деректерді жариялап отыр. Осы ақпарат салықтық құпия болып табылмайды. Осы тәрізді бюджеттің ашықтығы турасында халықаралық тәжірибеде азаматтық бюджет тәсілі бар. Азаматтық бюджет – бұл қаржы саласында маман емес азаматтар үшін еліміздің бюджетін жалпылама түсінікті етіп сипаттау. Осыған орай жуырда Қаржы министрлігінің сайтында қоғам үшін Азаматтық бюджет бөлімі ашылды (https://www.minfin.kz/index.php?uin=1296618470 &lang=kaz). Қазірде министрлік сайттағы Азаматтық бюджет бөліміне есеп түрінде емес, негізінен, халыққа түсінікті үлгідегі бюджеттің орындалуы туралы ақпараттарды да орналастыруды бастады. Бұл үрдіс қоғам үшін түсінікті әрі пайдалы болады деп сенім артуға болады.
Азаматтық бюджет дегеніміз не?
Последние статьи автора