Ахмет Байтұрсынұлының арғы аталары кім болған? Ахаң әке-шешеден неше ағайынды болып келеді?
Жанаргүл, Қарағанды облысы
Ахметтің ұлы бабасы – Үмбетей қазақ елі мен қалмақтар соғысқан шайқаста қол бастаған батыр кісі болған. Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы (5 ағайынды). Қалқаманның сүйегі – Арғын (6 ағайынды). Үмбетейден – Аралбай туады, одан – Таңбай, Таңбайдан – Шошақ туған. Шошақтың баласы – Байтұрсын, Байтұрсыннан – Ахмет туған. Ахаң тарихта есімі мәшһүр тұңғыш тархан Жәнібекпен түбі бір, текті атаның балалары. Қошқар ұлы Жәнібектің атасы – Көшей, бабасы – Шақшақ. Жәнібек пен Ахметті таратып алатын түп-тегіміз де, осы ұлы баба Шақшақтан бастау алады. Жәнібек батыр Шақшақтың шөбересі болса, ал Ахмет – Шақшақтың тоғызыншы тармақтағы үрім-бұтағы, яғни жалғасты ұрпағы. Ахмет әке-шешеден төрт ағайынды. Оның өзінен үлкен ағалары: Қали (1868-1925) мен Кәкіш (1869-1924), кіші інісі Мәшен (1873-1930) болса, орталарында жалғыз қарындастары Зиляш 1876 жылы дүниеге келген. Зиляш Байтұрсынқызына топырақ Алматыдағы әйгілі «Кеңсай» мұсылмандар зиратынан бұйырған.
Ахаңның арғы бабасы – Үмбетей батыр
Последние статьи автора