Күн ыстықта көлігімізде де, жұмыста да, тіпті үйде де желдеткіш қосатын болдық. Соның денсаулыққа зияны бар ма екен? Өйткені желдеткішті қосқан соң бірден суықтап қалатынымды сезіп жүрмін.
Шәмсия, Ақтөбе
Көлік иелерінің барлығы салондағы желдеткіштің зияны туралы ойлай бермейді. Қапырықтан, ыстықтан қорғанамыз деп ауруға душар болатынын сезбейді. Бұлар – бактериялар, зиянды микроорганизмдер мен саңырауқұлақтар. Бірақ «олар желдеткіш жүйесіне қалай еніп отыр?» деген сұрақ туады. Барлығы біз ойлағаннан да жеңіл. Суық ауа шығаратын құрылғының бетінде ыстық ауа құрамындағы ылғал буланады. Бұл ылғал желдеткіштің қабырғаларында жиналады және микроорганизмдердің үлкен масштабта көбеюіне өте қолайлы орын болып табылады. Ештеңені сезбеген көлік жүргізушісіне «сыйлық» ретінде мұрынның шырышты қабаты мен тыныс алу жолдарының тітіркенуіне және вирусты инфекциялар мен аллергияның тууына әкеп соғады. Оның үстіне желдің өтінен, медициналық тілмен айтар болсақ, буынның жүйке аурулары, қазақшалап айтар болсақ, шаншу жабысады. Қазақта «Ауруда – шаншу, сөзде қаңқу жаман» дегендей, рақаттанып суық ауамен тыныстаймын деп ауырып қалмаңыз. Одан да тек терезені ашып, табиғи желмен желпінгеніңіз әлдеқайда тыныш.
Автожелдеткіштен зиян бар ма?
Последние статьи автора