Автожелдеткіштен зиян бар ма?

Автожелдеткіштен зиян бар ма?

Күн ыстықта көлігімізде де, жұмыста да, тіпті үйде де желдеткіш қосатын болдық. Соның денсаулыққа зияны бар ма екен? Өйткені желдеткішті қосқан соң бірден суықтап қалатынымды сезіп жүрмін.
Шәмсия,
Ақтөбе
Көлік иелерінің барлығы салондағы желдеткіштің зияны туралы ойлай бермейді. Қапырықтан, ыстықтан қорғанамыз деп ауруға душар болатынын сезбейді. Бұлар – бакте­рия­лар, зиянды микроорганизмдер мен саңырау­құлақтар. Бірақ «олар желдеткіш жүйесіне қалай еніп отыр?»  деген сұрақ туады. Барлығы біз ойлағаннан да жеңіл. Суық ауа шығаратын құрылғының бетінде ыстық ауа құрамындағы ылғал буланады. Бұл ылғал желдеткіштің қа­быр­ғаларында жиналады және микроорга­низм­дердің үлкен масштабта көбеюіне өте қолайлы орын болып табылады. Ештеңені сезбеген көлік жүргізушісіне «сыйлық» ретінде мұрынның шырышты қабаты мен тыныс алу жолдарының тітіркенуіне және вирусты инфек­циялар мен аллергияның тууына әкеп соғады. Оның үстіне желдің өтінен, медициналық тілмен айтар болсақ, буынның жүйке аурулары, қазақшалап айтар болсақ, шаншу жабысады. Қазақта «Ауруда – шаншу, сөзде қаңқу жаман» дегендей, рақаттанып суық ауамен тыныстай­мын деп ауырып қалмаңыз. Одан да тек тере­зені ашып, табиғи желмен желпінгеніңіз әлде­қай­да тыныш.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста