Ауызсу құрамындағы хлордың денсаулыққа әсері қандай?

Ауызсу құрамындағы хлордың денсаулыққа әсері қандай?

Кейде күнделікті ішіп жүрген суымыздың құрамында хлор көбейіп кеткені байқалып тұрады. Бұл адам денсаулығына зиян емес пе? Құдық суы санитарлық талаптарға сай ма?
Қаламқас Әмірханова,
Шымкент қаласы
И.В.ТЕН, Түрксіб аудандық МСЭҚБ бастығы:
– Халықты сумен қамтамасыз ету екі түрлі жолмен жүзеге асады. Бірі – жергілікті, яғни құдық суын пайдалану. Ал екіншісі – орталықтандырылған, яғни ортақ бір су көзін пайдалану. Ішімдік суға хлор, фтор қосылып, бактериалдық сәуле түсіріледі. Суда хлорлы әктің, сұйық хлор мен крем­нефторлы натрий қосындысының мөлшер­ден асып кетпеуі және мөлшерге жетпей қалмауы тиіс. Бұл екі жағдай да адам денсаулығына қауіпті. Аталған қоспалар жетіспесе, тұрғындар арасына судан пайда болатын түрлі асқазан-ішек ауруының қоздырғыштары тарауы мүмкін. Ал фторлы препарат мөлшерден көп болса, адам уланып қалуы ықтимал. Сондықтан халық­ты таза сумен қамтамасыз етудің санитар­лық мәні орасан. Су жүйесін пайдаланудағы кемшіліктер мен су құбырларында сани­тарлық ережелердің сақталмауы дизен­те­рия, холера, туляремия, бруцеллез, ли­хо­радка, лептоспироз , туберкулез таратуына жол ашуы мүмкін.
 Негізінде жерасты сулары таза болып келеді. Өйткені оның қорғанышы – құм мен саз. Ал құм жақсы сүзгі рөлін атқа­ра­ды. Жерасты суының өзі үшке бөлінеді: жо­ғарғы қабаттағы, грунттық және арте­зиан суы. Бұлардың бәрі – сапалы ауыз­су.
Таза су – денсаулықтың кепілі. Сондық­тан ауызсудың сапасына мән беру шарт. Құдықтағы және құбырмен келіп тұрған ауызсудың сапасына мұқият болған жөн. Ауызсу сапасына күдігіңіз болған жағдай­да жедел түрде санитарлық дәрігерлерге хабарлаңыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста