Ауылға маман тарту – басты мақсат
Шалғай жатқан кейбір ауылдарымызда маман тапшылығының бар екені рас. Осы орайда ауылға тартылып жатқан мамандарға қандай жеңілдіктер қарастырылуда?
Алма РАХМЕТОВА, Талдықорған
Мемлекет басшысы 2008 жылғы 24 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №111-ІV Заңына қол қойды. Онда ауылда жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт мамандарын әлеуметтік қолдаудың кепілдендірілген шаралар топтамасын ұсыну көзделген. Бұл Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған орай, 2009 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелерін реттейтін №183 қаулы қабылдады. Онда 2009 жылғы 1 шілдеден бастап берілетін 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап беріле бастайтын жеңілдікті бюджеттік несие түрінде жылдық 0,01 пайыздық өсіммен 15 жыл мерзімге 630 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.