Ауғанстанда сыбайлас жемқорлық асқынып тұр
Дүниеде сыбайлас жемқорлық тамыр жаймаған ел кемде-кем. Дегенмен сыбайлас жемқорлық асқынған елдердің қатарына қай мемлекеттер жатады?
Қалибек БІРЖАНОВ, Алматы облысы
Transparency International мемлекеттік емес сараптамалық агенттігінің биылғы жылды қорытындылаған деректері бойынша, әлемде сыбайлас жемқорлықтың Ауғанстанда асқынып тұрғаны мәлім болды. Зерттеу барысында 85 елдің 91 мың тұрғынына сауалнама жүргізілген. Соның нәтижесінде Ауғанстан, Камбоджа, Камерун, Үндістан, Ирак, Либерия, Нигерия, Палестина, Сенегал, Сьерра-Леоне және Уганда ең жемқорлық жайлаған елдер болып саналды. Сондай-ақ әлемнің әрбір төртінші тұрғыны мәселесін тез шешу үшін күнделікті өмірде пара беруге мәжбүр болады екен. Жалпы, сыбайлас жемқорлық асқынған елдер қатарында алдымен Африка, бұрынғы КСРО елдері, Оңтүстік Америка, Балқан, Түркия, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Океания, Еуроодақ және Солтүстік Америка мемлекеттері аталады.