Осы әлем тарихында қай ел өз мемлекеттік туын көбірек ауыстырып, жаңартып отырған?
Жігер, Батыс Қазақстан облысы
Аласапыраннан көз ашпаған Ауғанстан мемлекеті соңғы ғасырда мемлекеттік туын жиі-жиі ауыстырған. 1880 жылдан бері, яғни 125 жыл ішінде Ауған елі мемлекеттік туын 23 рет алмастырған екен. Бұл соңғы 125 жылдағы Ауғанстанның билік басында бірнеше әулет пен саяси режимдердің ауысуымен байланысты. Дурранийлер империясы кезінде (1747—1823 жж.) ақ-жасыл жолақты ту болды. Ауғанстан Эмираты тұсында қара түсті ту үш рет өзгерді. Ауғанстан Корольдығы кезінде мемлекеттік ту – 5 рет, одан кейінгі Дауд диктатурасы үстемдік құрған заманда – 2 рет, Ауғанстан Демократиялық Республикасы уақытында – 5 рет, Солтүстік альянс кезінде – 2 рет, Ауғанстан Ислам Эмираты кезінде – 2 рет, қазіргі Ауғанстан Ислам Республикасы кезінде 3 рет мемлекеттік ту ауыстырылған. Оның ішінде қап-қара ту да, ақ түсті жалау да жоғары көтерілді, кейін мемлекеттік ту қара, қызыл және жасыл түске өзгерді. Тудағы қара түс тарихи және діни белгіні айшықтаса, қызыл түс корольдың жоғары билігі мен азаттық үшін күрестің символы болды, ал жасыл түс үміт пен табысты паш етті.
Ауғанстан соңғы 125 жылда 23 мәрте мемлекеттік туын ауыстырған
Последние статьи автора