Атың шықпаса, әжуа сыйлық ал

Нобель сыйлығы секілді атақты сыйлықтармен бірге ақымақтығы, есерсоқтығы үшін әжуа сыйлықтар табыс етілетіні туралы естіп қалып едім. Бұл қандай сыйлықтар?  
Нұртай ӘЛІМҚОЖАЕВ,
Алматы болысы

Иә, жұрттың күлкісін туғызатын аңғалдығы, есерсоқтығы, топастығы, санасыздығы, салақтығы үшін әр сала, әртүрлі айдарлармен арнайы табыс етілетін сыйлықтар жетіп-артылады. Солардың бірнешеуін тілге тиек ете кетсек. Ресейде «Книжное обозрение» газеті ұйымдастыратын «Абзац» сыйлығы нашар аударма, нашар корректура, нашар жазылған дүниелерге беріледі екен. Сол сияқты 2003 жылы тағайындалған ақымақтықтың бүкіләлемдік сыйлығы надандық пен топастық қылуда алдына жан салмаған адамдарға беріледі. Мәселен, кезінде Дик Чейни, Махмұд Ахмадинежад бұл сыйлық бойынша «ең ақымақ адам» деген жаман атаққа қалған. Сонымен бірге ең нашар актерлік, сценарийлік, режиссерлік жұмыстар үшін «Алтын таңқурай» немесе «Раззи» сыйлықтары – әйгілі «Оскар» жүлдесінің әжуаға арналған балама түрі. Бір қызығы, күлкілі «Раззи» сыйлығын алғандардың қатарында «Оскарды» бағындырған Брайан Хелгеленд, Марлон Брандо секілді голливудтық саңлақтар бар.
АҚШ-та жөн-жосықсыз, әділетсіз сот шешімдерін және шындықтан алыс, ойдан шығарылған тарихи жайларды әжуалауға арналған Стелла сыйлығы жылына бір мәрте беріліп отырады. Стелла сыйлығы Стелла Либектің Макдональдс мейрамханаларының бірінде кофе төгіп алғаны үшін оған соттың 2,9 млн доллар айыппұл салғанына орай белгіленген екен. Бұдан басқа шоу бизнес жұлдыздарына арналған күлкілі «Күміс калош», ақылға сыймайтын жаңалықтарымен жұрт назарын аударғандарды марапаттайтын «Шнобель» сыйлықтары бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста