Аттестация талаптары қандай?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысшылары аттестациядан өтеді деп естіген едім. Аудан орталықтарын­дағы ХКҚО қызметкерлері де өте ме? Қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?
Гүлайым Елеусізқызы,
Қарағанды облысы
ҚР Көлік және коммуника­ция министрлігі мамандарының мәлі­метінше, кең ауқымды ат­тес­тациялау аясында облыстық, аудандық, қалалық ХҚКО қыз­мет­керлерінің кәсіби жарамды­лығы міндетті түрде тексеріледі. Бұл шара екі айға созылмақ. Мақсат – қызмет көрсетудің са­пасын жақсартып, мамандар­дың біліктілігін арттыру. Қыз­мет­керлер компьютерлік тесті­леуден өтеді. Бұл тест ҚР Кон­с­титуциясы мен басқа да заңнамалары, мемлекеттік қыз­мет көрсетудің стандарт­тары мен тәртібі туралы сұрақ­тардан құралған. Егер қызмет­кер­лер­дің азаматтарға көр­­сеті­летін қызмет түрлеріне қатысты білімі жеткіліксіз болса, нормативтік-құқықтық негіздерді білмейтін болса, соның салдарынан қажетті балл минимумынан өтпеген болса, олармен еңбек шарты бұзылады. Ал ең жоғары балл жинаған ХҚКО қызметкер­лері автоматты түрде бірыңғай кадрлар резервіне тіркеледі де, олардың «ХҚКО» РМК-ның құрылымдық бөлімшелеріндегі басшы лауазымдарға орнала­суына мүмкіндік ашылады. Аттестация онлайн режимінде өтіп, бейнетаспаға жазылады, тестке тәуелсіз сарапшылар мен кәсіподақ өкілдері қатыстыры­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста