Мұқаңның ер тұлғалы, кесек мінезді болғаны айтылып жүр. Ал ақындығына тіпті сөз жоқ. Арғы аталарында батырлар болған ба?
Нұрдәулет ЕРМҰРАТҰЛЫ, Қапшағай қаласы
Мұқағалидың Қойбас деген алтыншы атасы мен Райымбек батырдың әкесі Түке – Хангелдіден бірге туған, ағайынды кісілер. Яғни Мұқағали арғы атасында Райымбек батырмен туысады.
Дегенмен ақынның өз әкесі де, атасы да қарапайым, шаруа адамдар болған. Керісінше, Мұқаңды бауырына салып өсірген Тиын әжесі өте айбынды, қатал әрі шешен адам болыпты. Ата-әжесіне табиғи болғандықтан да Мұқаң өзінің Нағиман анасын жеңге орнына санап, «Нақа» деп атаса керек. Тиын әженің ер мінезділігі соншалық – тіпті бірде көкпарда мертігіп қалған күйеуі Мақатайдың жіліншігінен сынып, тек терісіне ғана ілініп қалған аяғын «Бұл енді саған аяқ болмайды» деп, дәрігердің келуін күтпестен шауып тастаған. Сөйтіп, сынықты жуып, уақ сүйектерден тазалап, қанын тоқтатып барып таза шүберекпен таңып қойған. Соны білетін ауыл адамдары «Мұқағалидың қайсарлығы тура әжесіне тартқан» дейді екен.
Аталары батыр болған ба?
Последние статьи автора