Атагелді Ысмайылов туралы білгім келеді

Актер Атагелді Ысмайыловтың есімі жалпы жұртшылыққа ертеректе дубляждалған фильмдер арқылы жақсы таныс. Естуімізше, аса талантты адам болған көрінеді. Бірақ еңбегі көп айтыла бермейді. Актердің кейіптеген образдары, ойнаған рөлдері туралы білгім келеді.
Гүлзада НҰРЖАНОВА,
Семей
ҚР еңбек сіңірген артисі Атагелді Ысмайылов – қазақтың теат­ры, кино өнерінде және дубляж бен теле-радио саласында өзіндік ізі қалған майталман сахнагерлердің бірі. 1922 жылы 27 желтоқ­санда Алатаудың баурайында дүниеге келген ол, 1953 жылы Театр училищесін тәмамдап, өнер жолын М.Әуе­зов атындағы акаде­миялық драма театрынан бастайды. Кейіннен Балалар мен жастар театрына ауысып, ірі образдарды сомдайды. Мысалы, «Ыбырай Алтынсаринде» (М.Ақынжанов) – Алтынсарин, «Біздің Ғаниде» (Ш.Құсайынов) – Ғани, «Менің атым – Қожада» (Б.Соқпақбаев) – Қаратай, «Отырар ертең қирайдыда» (О.Бодықов) – Шыңғыс хан, «Қызыл орамалды шынарымда» (Ш.Айтматов) – Ысмайыл сияқты басқа да көптеген күрделі рөлдерде, спектакльдерде ойнаған.
А.Ысмайылов өнер-білімге, ғылымға жаны құмар адам болған. Осындай ізденімпаздығының арқасында театрда істеп жүріп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ҚазМУ-ді сырттай оқып бітірген, «Алдар Көсе» пьесасы мен өлеңдер жинағы шыққан. Сонымен қатар көптеген кино­фильмдерге түскен, театрдың 100-ден аса қойылымдарына және мыңдаған фильмдердің дубляждық жұмыстарына қатысқан. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында актердің туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста