Ата-анасынан айырылған балаларға жәрдемақыны қалай рәсімдейміз?

Ата-анасынан айырылған балаларға тиісті жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар дайындау қажет? Бұған дейін балалар тек асыраушысынан (әкесінің қайтыс болғаны үшін) айырылған ретінде жәрдемақы алып жүрді, өкінішке қарай, қазір балалар аналарынан да айырылып қалды.
Меруерт НАСИРОВА,
Алматы
Балалардың бір асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, анасының асы­рауын­да болған мүшелерiне тағайындалады. Ал ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға жәрдемақылар олардың заң­ды өкіліне (асырап алушыға, қам­қор­шы­сы­на) тағайындалып төленедi. Бұл жәр­дем­ақыға құқы бар азаматтар талап етіл­ген құжаттарымен қоса, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік зейнетақы тө­леу орталығына өтініш беруі  қажет. Жәр­демақы тағайындау үшін талап етілетін құ­жаттар: 1) жеке басын куәландыратын құжат­тың көшiрмесi; 2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат; 3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банк­тiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер; 4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi; 5) қайтыс болған адам­мен туыстық қатынастарын рас­тайтын құжаттың көшiрмесi; 6) қам­қор­шылықты (қорғаншылықты) рас­тайтын құжат­тың көшiрмесi; 7) 18 бен 23 жас ара­лығындағы балаларға күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табы­ла­тыны тура­лы оқу орнының  анық­та­масы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста