Ата-анасы жұмыссыз балаларға қандай жәрдемақы қарастырылған?

Біз жұбайымыз екеуміз де жұмыссызбыз. 4 және 2 жасар екі баламыз бар. Менің білгім келгені: балаларға қандай жәрдемақы берілуі тиіс?
Тоғжан ҚОҒАБАЕВА,
Шығыс Қазақстан облысы
Республикалық бюджеттен төленетін төлем­дер:
2012 жылы барлық отбасыларға бала туғанда бері­ле­тін біржолғы жәрдемақы мөлшері 48 540 теңгені құ­рай­ды.
Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін күтімі жөнін­дегі жәрдемақы мөлшері бірінші балаға – 5,5  айлық есеп­тік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) немесе 8899 теңге; екін­ші балаға – 6,5 АЕК (10 517 теңге); үшінші балаға – 7,5 АЕК (12 135 теңге); төртінші және одан кейінгі ба­ла­ларға – 8,5 АЕК (13 753 теңге).
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан төленетін төлемдер:
Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 618 теңгені құрайды.
Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отба­сы­ның жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөл­шерін уәкілетті орган отбасының жан басына шақ­қан­дағы орташа табысы мен облыста белгіленген ке­дейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.
Сонымен бірге тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жал­­даушысы (қосымша жалға алушылары) болып та­бы­ла­тын адамдарға бюджет қаражаты есебінен бе­ріледі. Тұр­ғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәр­тібін рес­публикалық маңызы бар қаланың, ас­та­наның, аудан­дар­дың (облыстық маңызы бар қала­лардың) жергiлiктi атқару органдары бел­гілейді.
Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, мен­шік нысанына қарамастан, ұйымдардың, қоғам­дық бір­лес­т­іктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры ше­гінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеу­­меттік қолдау жөнінде қосымша шараларды бел­гілеу құқығы берілген.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес және «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орна­ла­­су мәселесі бойынша, сіздерге тұрғылықты жеріңізде жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдар­ла­малар басқармасына хабарласу­ла­рыңызға  болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста