Бір туысқанымыздың келіні қайтыс болып, балалары тұл жетім болып қалды. Бұған дейін балалардың әкесі қайтыс боған еді. Балаларға жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар дайындау қажет?
Еңсебай ЕГЕУБАЕВ, Қарағанды облысы
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, ең алдымен, аудандық қорғаншылық органы арқылы қорғаншы тағайындалуы тиіс.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiне тағайындалады.
Ал ата-анасының екеуiнен де айрылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) тағайындалып төленедi.
Бұл жәрдемақыға құқығы бар азаматтар талап етілген құжаттарымен қоса, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына өтініш берулері қажет.
Жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;
4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi;
6) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi; 7) 18 бен 23 жас аралығындағы балаларға күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы.
Асыраушысынан айырылған балаларға жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар қажет?
Последние статьи автора