Өткен жылы бір апайымыздың күйеуі қайтыс болып, кәмелетке жетпеген үш баламен жесір қалып еді. Өкінішке қарай, биыл сол апайымыз да қайтыс болып, балалар әкеден де, шешеден де айырылып, тұл жетім болып қалды. Осы орайда менің білгім келгені, ата-анасынан айырылған балаларға тиісті жәрдемақы алу үшін қай жерге барып, қандай құжаттар дайындау қажет? Қазір балаларға аудандық қорғаншылық органы арқылы қорғаншы тағайындалды.
Әсемгүл ДӘРМЕНОВА, Қызылорда облысы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiне тағайындалады.
Ал ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) тағайындалып төленедi.
Бұл жәрдемақыға құқы бар азаматтар талап етілген құжаттарымен қоса, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына өтініш берулері қажет.
Жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;
4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi;
6) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) 18 бен 23 жас аралығындағы балаларға күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы.
Асыраушысынан айырылған балалар жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар керек?
Последние статьи автора