Асыраушысынан айырылған балаға жәрдемақы қанша жасқа дейін беріледі?
Менің бір інім бар. Ол қазір жоғары оқу орнында оқиды. Анамыз ерте қайтыс болған. Інім әлеуметтік жәрдемақы алады. Бұл жәрдемақыны оның қанша жасқа дейін алуға құқы бар?
Құралай СЕЙСЕНҚЫЗЫ, Талдықорған қаласы
Еліміздің «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар. Сонымен бірге, 18 жастан асқан білім алушы азаматтарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 23 жасқа дейін жәрдемақы беріледі. Бұл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің санына байланысты есептеліп, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен анықталады.