Аштықта адам жегендер жайлы құжаттар қайда бар?

Жаппай ашаршылық жылдары халқы­мыз бірін-бірі жеуге шейін барды ғой. Қазақ жеріндегі адам етін жеу деректері туралы құжаттар сақталған ба?
Алмат,
Қарағанды қаласы
Ашаршылық кезіндегі каннибализм дерек­тері туралы құжаттарды НКВД мұрағаттарынан кез­дестіруге болады. Ғаламторда мұндай құжат­тар РФ мемлекеттік мұрағаты, Ресей экономи­касының мемлекеттік мұрағаты, Ресей әлеумет­тік-саяси оқиғалар мемлекеттік мұрағаты, Ресей қауіпсіздік саласы федералды қызметінің орта­лық мұрағаты құжаттары жинақталған rusarchives.ru сайтында да бар. Одан «КСРО-дағы ашаршы­лық» тақыры­бы бойынша қажет мәліметтерді алуға болады. Аштық жылдарын­дағы кісі етін жеу – жан сақтауға мәжбүрліктен, көбіне бейса­налы түрде болған әрекет. 1933 жылдың 31 нау­рызында КСРО ІІХҚ Жұмысшы-шаруалар мили­циясы бас басқармасы Қазақ­стан­да «Адам жегіштік және адам етін жеу мақсатымен кісі өлтіру туралы» арнайы хаттаманы толтырған. Онда Әулиеата қаласында ақпан айында бір әйелдің 6-7 жасар баланың етін пісіріп, базарға апарғаны, Өзбек зиратында қазақ ер адам мен 22 жастағы қазақ қызының дене мүшелері та­был­ғаны туралы айтылған. Сонымен бірге Қар­қаралы түрмесіне әлдекімнің бір әйел адамның піскен етін әкелгені тіркелген. Осындай құжаттар өте көп. Тақырып зерттеуді қажет етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста