Астана халқының саны 2030 жылы 1 млн 200 мың адамға жетеді
Астана қаласының демографиялық жағдайы жайлы білгім келеді. Бүгінде 743 мың халқы бар елордамыз өсу үстінде. Астанада осыдан 30 жылдан кейін қанша халық тұруы мүмкін?
Құрдас Тегісов, Астана қаласы
Астана қаласы мемлекетіміздің елордасына айналғалы халықтың саны күрт өскені белгілі. Мысалы, 2000-2001 жылдардың бедерінде Астанаға жылына 50 мыңнан астам адам көшіп келіп отырған. Алайда мұнан кейінгі жылдарда көшіп келудің салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалған (2002 ж. – 6,8 мың, 2003 ж. – 5,4 мың, 2004 ж. – 14,2 мың, 2005 ж. – 15,7 мың адам). Астана қаласы халқының табиғи өсімінің оң факторы ретінде бала туу мен неке қию деңгейінің артуын да айтуға болады. Дәл осы қарқын сақталса, елорда халқы 2015 жылы – 850 мың, 2020 жылы 950 мың, 2030 жылы 1 млн 200 мың адамға жетуі тиіс.