Астана – Улан-Батордан кейінгі суық астана
Елордамыз Астана үскірік аязы мен боранымен белгілі. Астана ең суық астаналар қатарына ене ме?
Айжангүл САРЫБЕКОВА, Алматы
Еуразия құрлығынан орын тепкен Улан-Батор әлемдегі ең суық астана болып саналады. Моңғолия астанасында үскірік аязды күндері температура 40-50 градусқа дейін төмендеп кетеді. Улан-Батордың жылдық орташа температурасы – минус 1,3 градус цельсий. Астананың жылдық орташа температурасы + 3,2 градус, Мәскеудің жылдық орташа температурасы +5,4 градус цельсий. Климаты қатаң континенталдық, жазы құрғақ, қысы өте салқын Астана әлем бойынша Улан-Батордан кейінгі ең суық астана болып саналады. Елордадағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 307 мм-ге жетеді. Сонымен әлемдегі суық астаналардың қатарына Рейкьявик (Исландия), Нуук (Гренландия), Хельсинки (Финляндия) және Оттава (Канада) жатады.