Мен келесі жылы мектеп бітірген соң Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының не колледждердің бірінде оқысам деген жоспарым бар. Сол себепті Астана қаласындағы білім ордалары жайында мағлұмат берсеңіздер екен. Ондағы жоғары оқу орындары мен колледждер саны қанша?
Дәурен, Шығыс Қазақстан облысы
Қалалық Статистика департаментінің astana.kz сайтына берген мәліметі бойынша, елордада 15 жылда барлық бағыттар мен салаларда қарқынды өсу байқалады. Осы 15 жылда қала халқының саны да өсіп, барлық әлеуметтік нысандардың өркендеуіне ықпал етті. Әсіресе білім көрсеткіштері едәуір өзгеріп, жоғарылады. 15 жылда білім берудің барлық сатыларында оқушылар саны 2,4 есе артқан.
Астана қаласында 2012-2013 оқу жылында 37 колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істеген. Оқушылардың жалпы саны 31 219 адам болды. 1997-1998 оқу жылымен салыстырғанда колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп саны 2,2 есеге, ал оқушылар саны 3,4 есеге ұлғайған.
2012-2013 оқу жылында қалада 14 жоғары оқу орны жұмыс істесе, олардың 3-еуі – мемлекеттік, 11-і – жекеменшік. 48 606 студент оқумен қамтылған.
2012-2013 оқу жылы оқушылар саны 1998-1999 оқу жылымен салыстырғанда 2,9 есе өскен.
Елордада жыл сайын орта арнаулы білім бойынша түлектер санының артқаны байқалады. 2012 жылы колледждер мен кәсіби-техникалық мектептердің дипломын иеленген түлектердің саны 9357 адам болып, 1997-1998 оқу жылымен салыстырғанда екі есе өсіп отыр.
Маман түлектер саны 2012-2013 оқу жылының басында қала бойынша 9983 адам болған. Олардың ішінде 987 түлек жоғары арнаулы білім, 8996-сы бакалаврдың академиялық дәрежесін алды.
2012-2013 оқу жылындағы түлектер саны 1998-1999 оқу жылымен салыстырғанда 3,8 есеге артып, соған сәйкес білім алушылар көрсеткіші де 2,8 есе жоғарылады.
Астана қаласындағы білім ордалары туралы
Последние статьи автора