Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің өкілеттіктері мен міндеттері қандай?
Жадыра, Алматы облысы
Бұл жайт «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның 16-бабында айтылған. Бұл бойынша Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге; 2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, ҚР Президентінің, Ассамблея төрағасының және төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; 3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға; 4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге; 5) Ассамблея қызметінің принциптерін және ҚР заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Ассамблея мүшелерінің міндеттері қандай?
Последние статьи автора