Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет аясына қандай істер кіреді, басты міндеттері қандай?
Тұрсын, Ақтөбе қаласы
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет ел Президенті 1992 жылы, Тәуелсіздіктің бір жылдық мерейтойына орай өткен Қазақстан халықтарының тұңғыш форумында ортаға салған болатын.
Ассамблея қызметі мына мақсаттарды шешуге бағытталған:
• Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасының дамуына өзек болатын мемлекеттік саясат жүргізу бойынша ұсыныстарды жасау, ұлттардың рухани-мәдени қалыптасуына және теңқұқылық принципін сақтау негізінде дамыту жолында күш біріктіру;
• республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға атсалысу;
• өркениетті және демократиялық нормаларға иек артатын азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру;
• мемлекет өткізетін ұлттық саясаттағы түрлі сипаттағы ұлттық қызығушылықтардың есепке алынуын қамтамасыз ету;
• қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешуге ымыра іздеу.
Ассамблея міндеттері қандай?
Последние статьи автора