АҚШ мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының мамандары сенсациялық мәліметті жария етті. Ғаламдық жылынудың салдарынан Арктикада жер көгеріп, жаңа климаттық фаза басталып жатыр екен.
Мамандардың мәлімдеуінше, Арктика мұздықтары еріп, құрлық жылу мен күн радиациясын жіті сіңіре бастаған. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты тундрада көк шығып жатыр. Соңғы бес жыл ішінде Солтүстік Мұзды мұхит мұздарының көлемі бұрын-соңды болмаған деңгейде кішірейген. Америкалық зерттеушілердің бағдарлауынша, алдағы жылдары бұл үрдістің қарқын алары сөзсіз. Соның есебінен теңіз және құрлық экожүйесі ағзаларының өмірі өзгереді. Айталық, мұздардың қысқаруынан ақ аюлар мен сойдақтістілер мекені тарылып, есесіне киттерге қорек болатын фитопланктондардың қоры ұлғайып жатыр.
Арктикада тіршіліктің жаңа кезеңі басталды
Последние статьи автора