Дініміз исламда Құрбан айт кірместен бұрынғы бір-екі күннің де маңыздылығы бар екенін білемін. Бірақ ол күндері қандай амалдар жасау міндеттелген?
Қали БЕРІКБОЛ, Сарыағаш
Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн – Арапа күні, оның алдындағы күн Тәурия күні деп аталады. Биыл Тәурия күні – 14 қараша, 2010 (8 зүлхиджа), Арапа күні –15 қараша, 2010 (9 зүлхиджа), Құрбан айттың бірінші күні –16 қараша, 2010 (10 зүлхиджа). Тәурия күні қажылар Меккеден Минаға барады. Тәурия деп аталуының сыры қажылардың ол күні зәмзәм суын ішіп қануларында. Тәурия «ойлану» деген мағынаға да келеді. Ибраһим пайғамбар зүлхиджа айының 8-түні түсінде өз баласын сойғалы жатқанын көреді. Таң атқаннан кейін түс Алладан ба, шайтаннан ба деген ойға шомады. Арапа түнінде өзіне «бұйырылған нәрсені орында» деп бұйрық келгенде, Алладан екенін біледі. Осыдан келіп ол күн «білу» деген мағынаны беретін «арафа» сөзімен аталды. Арапа – зүлхиджаның 9-күні. Басқа күн арапа деп аталмайды. Хадис шәрифтерде: «Бір мұсылман Тәурия күні ораза тұтса және күнә сөз сөйлемесе, Аллаһу та’ала оны, әлбетте, жұмаққа апарады», – делінеді. Жалпы, бұл қос күнде ораза ұстау – үлкен сауапты ғибадат. Сондай-ақ «Арапа күні 1000 рет Ықылас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады» (Әбушшәйһ) (барлығын бисмилләһпен оқу керек).
Арапа мен Тәурия Құрбан айтпен қатар тойланады
Последние статьи автора