Әлемде тек қана аралда орналасқан Жапониядан басқа қай елдер бар екен? Арал-мемлекеттер қай елдер?
Самат ТАСТАНҚҰЛОВ, Алматы облысы
Арал-мемлекет деп бір немесе бірнеше аралдарда тұтасымен орналасқан елдерді айтады. Қазіргі кезде 194 тәуелсіз елдің 47-сі арал-мемлекет болып есептеледі. Олардың қатарында Антигуа және Барбуда, Аруба, Багам, Барбадос, Бахрейн, Бруней, Вануату, Ұлыбритания, Шығыс Тимор, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Индонезия, Ирландия, Исландия, Жапония, Кабо-Верде, Кипр, Кирибати, Комор, Куба, Маврикий, Мадагаскар, Мальдив, Мальта, Маршалл аралдары, Микронезия, Науру, Жаңа Зеландия, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Гаити, Самоа, Сан-Томе және Принсипи, Сейшель, Сент-Винсент және Гренадина, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сингапур, Соломон аралдары, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тувалу, Фиджи, Филиппин, Шри-Ланка, Ямайка елдері жатады.