Ақынның өмір жолы туралы жазсаңыздар?

Жандарбек Бегімбетовті айтыс ақыны ретінде жақсы білгенімізбен, өмірбаян деректерінен хабарсыз екеніміз рас. Сондықтан ақынның өмір жолы, өсіп-өнген ортасы жөнінде жазсаңыздар екен?
Гүлбақыт НҰРТАЗА,
Алматы
«Илигайлап» жыр төккенде әуезді әнімен, мағыналы сөзімен тыңдарман жүрегін баураған дара талант Жан­дар­бек Бегімбетов 1962 жылы 28 қыр­күйекте жазиралы Жаркент топы­рағында дүниеге келген. 1979 жылы Кішішыған орта мектебін бітірісімен, әске­ри борышын өтеп қайтқан. 1988 жылы Жамбыл қаласындағы гид­ро­ме­лиоративтік институтты тәмамдап, туған жеріне оралған. «Октябрьдің 40 жылдығы» агрофирмасында құрылыс инженері болып қызмет еткен.
Өнерге деген құлшынысы бала кезінен байқалған Жандарбек туған елін, жерін, ауыл еңбеккерлерін өлең­ге қосып, ән шығарып, аудан, облыс жұртшылығының назарына іліге бастайды. Ал 1990 жылы нау­рыз­да өткен республикалық айтыстан кейін Жандарбектің есімі бүкіл елі­мізге танылды. Осыдан кейін Жан­дарбек республикалық, халықаралық деңгейдегі бірнеше айтыстарға қатыс­ты. Азғантай уақыттың ішінде көрермен көзайымына айналып үлгерген сахна жұлдызы 1990 жылғы 17 қыркүйекте қапыда мерт болды. Жандарбек жөнінде түсірілген «Ақынның қызыр ие – жолдасы бар» атты деректі фильм «Қазақстан» теле­дидарының «Алтын қорына» енген. Сондай-ақ ол туралы естеліктер жинағы шығарылып, көптеген мақа­ла, өлең-жырлар жазылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста