«Ақсарайдың» жұмысы тоқтамайды

Жақында «Ақсарай» театры жабылып қалыпты дегенді естіп едім. Сол рас па? Жалпы, осы театр туралы қысқаша білігім келеді.

Рауан БӨРІБАЕВ, Ақтөбе қаласы

Ерекше қойылымдарымен елдің есінде қалып жүрген «Ақсарай» мюзикл театры 2005 жылы құрылған. Оның жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер Болат Атабаев.

Қысқа мерзім ішінде театр Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» және Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» спектакльдерін ұсынып үлгерді. Бұл қойылымдарды Қазақстанның барлық қалаларында, Ашғабадта және Тбилисиде тамашалады. Қазір репертуарында Ә.Таусаровтың «Махаббат аралы», Мольердің «Одураченный муж» спектакльдері, Д.Колмановскийдің «Крутые гномы» балалар операсы, К.Чуковскийдің «Муха» мюзиклы және «Махаббат тұмары» театрланған концерттік бағдарламасы бар. Барлық спектакльдер заманауи аудио-визуалды және жарық технологиясын қолданып, инновациялық стильде жасалынды.

Орталық Азиядағы жалғыз мюзикл театры саналатын «Ақсарай» Қазақстандағы ең бірінші стационарлы мюзикл театры атанған. Театрдың әртістері бір уақытта жеке әнші-вокалист, хор, балет, драмалық актер және акробатикалық қимылдар жасауға машықтанған.

«Ақсарай» театры қазіргі уақытта біраз қаржылай қиындықтарды бастан өткеруде. Бұған дейін БТА банк қамқорлығында болған театр биылғы жылдың ақпан айынан бастап  қаржыландырылмай қалды. Дегенмен театр жетекшісі «қандай да бір қиындықтарға қарамастан, «Ақсарай» ұжымы өз жұмысын тоқтатпайды» дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста