Самаурын қазақ жеріне қашан келген? Қазақта, расында, ақшамен самаурын қайнатқан бай болған ба?
Нұржан СЕРАЛИН, Орал қаласы
Тарихи деректерге сүйенсек, самаурын ең алдымен Ресейге І Петр патшаның алдыртуымен келген екен. 1746 жылы Голландияға барып, кеме жасау ісін көріп келген патша сол сапарынан өзімен бірге еліне самаурынды ала қайтса керек. Араға 20 жыл салып Ресейде алғашқы самаурын фабрикасы іске қосылған. Ал қазаққа ол ХІХ ғасырда келгенге ұқсайды. Әуелде самаурынды қолы жеткен байдың байы ғана сатып ала алған, бір деректерде сол тұста қазақ даласында сиыр 1 рубльге бағаланса, жез самаурын 25 рубль тұрған. Сондықтан 25 сиыр тұратын мұндай ыдыс біразға дейін қазақ даласында байлықтың белгісіндей саналып келген. Ал енді қазақта ақшамен самаурын қайнатқан байдың болғаны рас. Қызылжар өңірін мекендеген Қосшығұл байдың қарағандылық саудагерлермен бәстесіп, сол самаурынды ақшамен, яғни тек ақша жағып шай қайнатқаны жайындағы аңыз-әңгіме аталған өлкеде әлі күнге жырдай айтылады.
Ақшамен самаурын қайнатқандар кімдер?
Последние статьи автора