Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында қанша экспонат бар. Музейге Әбілхан атамыздың есімі қай жылы берілді?
Тұмар Есенбердіқызы, Алматы облысы
Бұл мұражайдың халықтың көзайымына айналғанына 33 жыл болды. Яғни оның іргетасы 1976 жылы қаланған. Мәдени орталыққа қазақтың біртуар азаматы Әбілхан Қастеевтің есімі 1984 жылы берілді. Бүгінде бұл мұражайда 21 мың 500 экспонат бар. Олардың қатарынан қолөнер, қылқалам шеберлерінің туындылары және қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлер орын алады. Мұражай 12 залдан тұрады. Ең көне экспонаттар тізіміне қола дәуірінен қалған сәндік қолданбалы бұйымдар кіреді. Сондай-ақ бұл жерге қойылған Батыс Еуропаның 16-20, орыс халқының 17 ғасырдағы өнерінен хабар беретін туындылар да көне экспонаттардың сапында тұр. Мұнда қазақ халқының бай тарихынан сыр шертетін жәдігерлер де жетерлік.
Ә.Қастеев мұражайы қай жылы салынды?
Последние статьи автора