Антикалық ойшылдар неге демократияны сынады?

Осы Аристотель, Платон секілді ежелгі ойшылдар демократияны қолдамаған дегенді естідім. Олар не үшін демократияны жақтырмаған?
Ержан,
Алматы облысы
Аристотель мемлекеттің формаларын дұрыс және бұрыс деп екіге бөлген. Дұрыс формадағы билеушілер көп­шіліктің мүд­десін қорғаса, бұрыс формадағы билеу­ші­лер тек қана өз­дерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотель пікі­рінше, дұрыс фор­мадағы мемлекеттерге монархиялық, арис­то­кратиялық және по­ли­тия, ал бұрыс формаға тирания, оли­гархия және демократия жа­тады. Мемлекеттің ең дұрыс фор­масы ретінде Аристотель по­ли­тияны айтады. Политияда жал­пының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Жоғары билік заң­да емес, демостың қолын­да деп есептеген Аристотель де­мо­кратияны сынға алады. Аристотельдің көзқарасы бойынша ең нашар де­мократия, ол – халық, тобыр билеген демократия. Демократияның мұндай түрінде халық монарх рөлінде және деспот бола­ды, ал қоғамдық құрылыс тиранияны еске түсіреді. Аталған нұсқа тобырдың пікіріне үстемдік ететін демагогтарға тиімді заң жоқ, мемлекет жоқ. Көпшіліктің шешім­дерімен заң ауыстырылады, халық заңнан айналып өтіп, шешімдер қабыл­дайды. Платон да демократияға теріс көзбен қа­рады, ол ох­ло­кратияны (қараның, тобырдың билігі) де­мократияның жал­ғыз түрі ретінде қарастырды. Платон үшін демократия – ешқандай заңмен санаспайтын, кез келген жағдайда үстірт шешім қа­былдайтын қараның билігі. Оның демократияға берген мына­дай анықтамасы бар: «Демократия – ол оның шеңбе­рінде қа­лағаныңды жасауға болатын құрылым».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста