Аңшы мылтығын қалай сатып аламын?
Жергілікті аңшы-балықшылар қоғамына мүше болғым келеді. Сол мақсатпен мылтық сатып алуды ойлап жүрмін. Ол үшін қайда хабарласуым қажет?
Сағынтай Есенгелдиев, Ақтөбе қаласы
ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 03 тамызында қабылданған № 1176 «Қазақстан Республикасындағы қару-жарақ пен оқ-дәрі айналымының ережелері туралы» қаулысына сәйкес, азаматтық қару-жарақты сатып алуға 18-ге толған Қазақстан азаматының мүмкіндігі бар. Қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына хабарласуы қажет. Сіз аңшы мылтығын сатып алғаннан кейін оны құқық қорғау органына тіркетуге міндеттісіз. Атыс қаруы еденге немесе қабырғаға бекітілген сейфте сақталуы тиіс.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу