Әнет бабаның ел аузында сақталып қалған өсиеті

Әнет бабаның ел аузында сақталып қалған өсиеті

Әнет бабаның даналығы, шешендігі жайлы ел ішінде көп айтылады. Осы орайда Әнет бабаның  ел аузында сақталып қалған бір шешендік сөзін немесе бір өсиетін айтсаңыздар екен.
Дидар Рахымберді,
Шығыс Қазақстан облысы
Әнет баба қартайып, жасы 90-нан асқанда ел ішіндегі дауға көп ара­лас­пай, қоржын-қоржын кітаппен оңаша қа­лып, Кәләм Шариф, Қожа Ахмет Ясауи, Сопы Аллаяр, Нұрнама секілді кі­таптарды көп оқиды екен. Кейде ба­лаша күліп мәз болып, кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге еш­теңе айтпай, қыр асып қыдырып кететін көрінеді.
Осындай бір қыр асып қыдырып жүр­ген кезінде бабаға Қазыбек би жо­лығыпты.
– Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? – деп сұрапты Қа­зыбек.
– Өзімді өзім іздеп жүрмін, шы­ра­ғым, – деп жауап беріпті Әнет баба. – Түсінбегеніңді біліп тұрмын. Өзімді өзім іздеп жүрмін дегенімнің мәні – мы­нау, шырағым: адам баласы Ал­ланың әмірімен жарық дүниеге пәк, адал, таза күйінде келеді. Өсе ке­ле әрнені көреді, әрнені естиді, жақ­сы­ға да, жаманға да бой ұрады. Баяғы пәк­тігін жоғалтады. Жас ұлғайып, қым-қуыт, қызыл-жасыл дүниенің қы­зы­ғы ба­сылған соң, баяғы адал күйіне ора­­ла­ды. Мен қазір қартайдым. Су жор­ғаны мініп те көрдік, сұлу әйелді құ­шып та көрдік, өзен-судай тасып та көр­дік, өткел бермес дариядан асып та көрдік – бәрі жалған екен. Енді ма­ған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнә­дан адал жүрегім керек. Өзімді өзім із­деп жүрмін дегенім – осы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста