Анар шырынын абайлап ішу қажет
Анар шырынын біреулер денсаулыққа өте пайдалы десе, енді біреулер оның зияны басым дейді. Осы жеміс сөлінің ағзаға келтіретін залалы болса, оны қалай пайдаланған дұрыс?
Ақерке Алпарова, Алматы қаласы
Анар жемісінің шырыны түрлі дәрумендерге бай болғанымен, оның зияны да жоқ емес. Дәрігерлер құрамында лимон қышқылы көп осы жеміс шырынын асқазан жарасы бар және панкреатитпен ауыратын адамдарға аса сақтықпен тұтыну қажеттігін ескертеді. Дегенмен денсаулығында міні жоқ адамдардың өзі анар сөлін таза күйінде ішпей, сәбіз болмаса қызылша шырынымен, тіпті болмаған жағдайда қайнаған жылы сумен араластырып ішкендері абзал. Сол сияқты бұл шырын тістің эмалін бұзады екен. Сондықтан тісінде ақауы бар адамдар шырынды ішер алдында аздаған қатты ірімшік жеуі керек. Өйткені ірімшік құрамында анар сөлі қышқылына қарсы тұратын дәрумендер бар.