Ән салатын құм таулар

Әлемнің көптеген елдерінде кездесетін ән салатын құмдар немесе құм таулар біздің елімізде бар ма?
Әсем ДҮБІРБАЕВА,
Қостанай облысы
Табиғат таңғажайып тамашаларға толы. Қытайларда мың жыл бұрын жа­зыл­­ған «ән салатын таулар» туралы жаз­ба сақталған. Ол – әртүрлі дыбыстар шы­­ғарып тұратын, құпиялылығымен жер­гілікті халықтың ғибадат орнына ай­нал­ған Хансу елді мекеніндегі биіктігі 150 метр тау туралы жазылған дүние. Сон­дай-ақ Ауғанстанның Рег-Реваи тауы, Чи­лидің Копиано асуының тө­бе­сіне шы­ғып, одан төмен түскенде соң­да­­рынан ай­даһардың қаһарындай гүр­сіл­деген, дүрсілдеген дыбыстар шы­ғады екен.
Мұндай ән салатын, сөйлейтін, ысыл­дайтын тауларды әлемнің көп­те­ген елдерінен кездестіруте болады. Сондай таңғажайып құбылыстың та­ма­шасы өзіміздің елімізде де бар екенін екінің бірі біле бермейді. Алматы об­лы­сының Қапшағай каласының ірге­сін­дегі осындай әнші таудың биіктігі – 120 метр, ұзындығы – 1,5 шақырым. Мұн­да құмның сусылдаған дыбысының қаттылығы сондай – бірнеше шақы­рым­ға дейін жетеді. Төбеден етекке қарай жүгіргенде шығатын қатты ды­быс әуедегі ұшақтың гүріліндей ес­ті­леді. Аяғыңның астындағы құмнан дом­быраның күмбірі, бос қаңыл­тыр­дың қаңғыры, иттің үргені сияқты не­бір дыбыстар шығады. Дыбыс мез­гіл-мезгіл жылап, күрсініп күңіренетін кө­­рінеді. Құмның дыбысы тал түсте, күн ысығанда қатты шығады. Кейде құм ­тау жер сілкінісі кезіндегідей діріл­деп, селкілдейді. Мұндай құбылыс дү­ние­жүзінің жүз шақты елінде кездеседі. Бірақ дірілдеу жағынан да, ән салуы жағынан да ерекшесі – бізде, Алматы облысында, Қазақстанда ғана.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста