Әң қауіпті диета түрлерін білесіз бе?
Дәрігерлер денсаулыққа қауіпті диеталар туралы айтты.
Гастроэнтеролог Нурия Дианова алдымен ақуызды диетаны атап өтті, ол тез арықтауға көмектеседі, алайда витамин тапшылығына және қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Маман аралық ашығу да адам ағзасына зиян екенін, бұл диета түрі панкреатит пен өт тас ауруын туғызатынын атап өтті.
Ал диетолог Михаил Гинсбург сүт, фастфуд, алкоголь және жасанды ингредиенттерден толық бас тартуды қамтитын диеталарды сынға алды.
Маманның айтуынша, мұндай тамақтану йод пен темірдің жетіспеушілігін болдыруы мүмкін.
Кето диетасы, яғни көмірсулардан бас тарту денені уландыратын кетондардың пайда болуымен қауіпті, деп атап өтті Гинсбург.
Төмен көмірсулар диетасын ұстанатын адамдар өз кезегінде фосфолипидтер мен басқа да пайдалы майлардың жетіспеу қаупін тудырады.