Ән байқауының шарты қандай?

Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалінің шартта­ры қандай? Бұл байқау жыл сайын ұйымдастырыла ма?
Гүлнұр,
студент, Ақтөбе қаласы
Шәмші Қалдаяқов атындағы Халық­ара­лық «Менің Қазақстаным!» ән фес­ти­валі жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл фестивальға негізінен еліміздің әр ай­мағында орналасқан және Астана мен Ал­маты қалаларындағы мәдениет бас­қар­маларының ұсынысы бойынша жер­гілікті жерлерде өткізілген Ш.Қалдаяқов атын­дағы ән байқауларының жеңімпаз­да­ры (әр тараптан бір үміткер) қатыса алады. Сондай-ақ осы фестивальға шет­ел­дердің орындаушылары да қаты­су­ға құқылы. Үш кезеңнен тұратын ән байқауына 16-25 жас аралығындағы жеке әншілер шақырылады. Қатысушы­лар конкурсқа Ш.Қалдаяқовтың әнде­рінен екі ән дайындауы тиіс.
Байқау үміткерлері алдымен өтініш беруі тиіс.
Өтінішке қоса, мынадай құжаттар та­лап етіледі:
1) тиісті мекеменің ұсынысы;
2) орындаушының шығармашылық өмірбаяны;
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
5) 13х18 см көлемiндегi екі дана түрлi-түстi фотосурет;
6) CD және мини-дискіге жазылған әндердің нұсқасы.
Фестивальға қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құ­ралады және Қазақстан Республикасы­ Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті бекітеді. Қосымша мәлі­мет­терді аталған министрліктің порталынан білуге болады. Былтырғы ән байқауы Ас­тана қаласында өткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста