Аман Төлеевтің туған жері қайда?

Ресейдің Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев ағамыз жайлы білгіміз келеді. Ол Қазақстанда туған ба?
Ғазиз ТҰРАНҰЛЫ,
Алматы облысы
Ұлты қазақ Төлеев Аман Ғұмырұлы 1944 жылы 13 мамыр күні Түрік­мен­станның Красноводск (қазіргі Түрік­мен­башы) қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Новосибирск теміржол ин­­женерлері институтын, одан кейін 1989 жылы Қоғамдық ғылымдар ака­демиясын бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір­жолшы болып бастаған. 1967-73 жыл­дары Новокузнецкідегі Мундыбаш стан­сысында кезекші, бастықтың кө­мекшісі, стансы бастығы, 1973-85 жыл­­дары Междуречинск теміржол стан­сысының бастығы, Кемерово темір­жолының Новокузнецк бөлімшесі бас­ты­ғының орынбасары, бөлімше бас­ты­ғы, 1985-88 жылдары Кемерово об­­лыстық партия комитетінде көлік жә­не байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988-90 жылдары Кемерово темір­жолының бастығы болды. 1990-93 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыс­тық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994-96 жылдары Кемерово облыстық заң шы­ға­рушы жиналыстың төрағасы, 1996-97 жыл­дары РФ-ның ТМД ел­дерімен қарым-қатынас министрі қыз­меттерін атқарды. Ол 1997 жыл­дан Ке­мерово облысының губер­на­торы бо­лып қызмет атқарады. Бұған дейін үш рет (1991, 1996, 2000) РФ Пре­зи­дент­тігіне кан­­ди­дат болып тіркелген. Саяси қайраткер, тех­но­логия ғылы­мы­ның докторы Аман Төлеев бір­неше публицистикалық кітаптарды жа­рық­­қа шығарған. Сондай-ақ Ресейдің, Ук­раи­­наның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моң­ғо­­лияның көптеген ордендерімен мара­пат­тал­ған. Саяси тұлға ретінде бір­неше рет Қазақ­стан­да ресми сапар­мен болып қайт­қан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста