Алыс жолға шыққанда көлігімнің рөліне жүргізуші куәлігі бар адамды отырғызсам бола ма?

-Сәлеметсіздер ме? Менің жеке автокөлігім бар. Алыс жолға шыққанда бір қалыпты жол қозғалысынан шаршайсың. Бұндай жағдайда, жүргізуші куәлігі бар адамды менің көзімше автомобильді жүргізуге отырғызуыма бола ма? Бұл жағдайда сақтандырумен жағдай қалай болады?

Асқар

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.1. тармағына сәйкес, механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге:
-көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);
-көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;
-көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда-осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат;
-мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
-заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
-белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
-Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.
Сөйте келе, көлік иесінің көзінше сенімхатсыз басқаруға болады.
Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағына сәйкес, көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға.
Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.1. тармағына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің болуын талап етеді. Осыған сәйкес, көлік иесінің көзінше оны басқарып отырған адам бұл полиске енгізілу мәселесі тұрады.
Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 11 бабының 5тармағының 1 тармақшасына сәйкес, стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген кезде сақтандырылған деп есептелiнедi.
Бұның негізінде, көлік иесі көзінше жүргізіп отырған жүргізушінің кінәсінен болған жол көлік оқиғасы болған кезде сақтандыру төлемі жүргізіледі.
Жол қозғалысы ережелерінің 2.7.4 тармағына сәйкес мас күйiндегi, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсiрететiн, дәрiлiк заттар әсерiнде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақ жүргiзудi үйретушiден басқа, өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын басқаруға құқық беретiн жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берілген уақытша куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетiлмеген адамға көлiк құралын басқаруға беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.1. тармағына сәйкес көлік иесінің көзінше сенімхатсыз басқаруға болады. Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағы көлік иелеріне сенімхат арқылы жүргізушілерді де жатқызады. Бұған сәйкес сенімхат арқылы жүргізуші, жүргізуші куәлігі бар адамға өз көзінше көлікті басқаруға беруге құқылы. Алайда, ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 11 бабының 5 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, сақтандыру полисіне сақтанушы ретінде сенімхат арқылы жүргізіп отырған адам не оның көзінше басқаруға тиіс жүргізуші куәлігі бар адам көрсетілуі тиіс. Ал, егер де бұл жағдай орындалмаса, механикалық көлікті басқару құқығы берілуге тиіс емес.
Жүргізуші көлікті басқару құқығын басқаға беретіндіктен ол фактілі көлікті басқарушы болып табылмайды, сондықтан Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.7.1 тармағында көрсетілген норма, яғни, мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға тыйым немесе шектеуді орындауға міндетті емес болып табылады. Бұл көлікті басқаруға үйретуші болып табылатын жүргізушілерге тарамайды.

Адина А. заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста