Ұшаққа мінсем, көлікпен алыс жол жүрсем құсқым келеді. Жол үстінде жүрек айнуын басатын дәрі-дәрмектер бар дейді. Солар жөнінде мәлімет берсеңіздер.
Сәуле Бейсенова, Алматы қаласы
Жол жүргенде жүрек айнып, бастың айналуы «теңіз ауруы» немесе кинотез деп аталады. Мұндай ауру халықтың басым көпшілігінде кездеседі. «Теңіз ауруын» емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс. Жол жүрген адамның әлсіреп, құсуына қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер бар. Олардың кең тарағандары – авиомарин, бонин, кинедрил. Бұл дәрілерді димедрол және супрастин сияқты антигистаминді препараттар алмастыра алады. Тілдің астына валидол түйірін салу да пайдалы. Гомеопатия әдісімен емделушілерге авиа-теңіз немесе вертигохель препараттарын пайдалануға болады.
Алыс жолға арналған дәрі-дәрмектер қандай?
Последние статьи автора