Алтын Орда заманындағы ақша үлгілері қандай болған, оларға қандай суреттер басылған?
Жансая Нұрбақыт, Алматы қаласы
Энциклопедиялық анықтамалықтар Алтын Орда теңгелері орта ғасырлардағы металл ақша болғанын жазады. Алғаш XIV ғасырдың тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257-67 ж.ж.). Алғашқы теңгелерге Бағдат халифы ән-Насырдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арықбұға тағы басқа да Алтын Орда хандарының аттары жазылды. Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде табылған тиындардың ең көнесі –Тоқтамыс хан теңгесі. Ал кейінгілері Сарайда соғылған Өзбек хандікі. Оның дихремдері мен пұлдарында мұсылман дінінің суннит символдары салынған. Әр қалада соқтырылған теңгелердің өз ерекшеліктері бар. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әртүрлі тамғалар: жануарлардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. 1996-1997 ж.ж. Батыс археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) Сарайшыққа жүргізген қазба жұмыстары барысында Тоқтамыс ханның рәміздері салынған күміс және мыс тиындар табылған.
Алтын Орда заманындағы ақша қандай болған?
Последние статьи автора